Бисмиллаһи-ир-Рахмани-ир-Рахиим. Күндердің бір күнінде балам келіп: -“Анашым, жұмыс орным ұшақтың билет құндарына жеңілдік берді. Сізді қыдыртамын, ел көрсетем, жер көрсетем,”-деді. Жүрекке жақын мұсылман елдерді араладық. Шатырлары аспанмен тілдескен бір елге келгенде, көңіл құлазып, еш қызығы болмай қамықтым. Дүниеауи қызықпен жүрмін, неге Пайғамбарға (с.а.у.) бармадым, жүрген жерін көрмедім? Ізі түскен топырақты мейірленіп сүймедім?- деп Құбылаға қарап тұрып қамықтым. Елге қайтар күнде болып, ұшаққа отырдық. Түн...