Орындалған тілек
Орындалған тілек

    Бисмиллаһи-ир-Рахмани-ир-Рахиим.

    Күндердің бір күнінде балам келіп: -“Анашым, жұмыс орным ұшақтың билет құндарына жеңілдік берді. Сізді қыдыртамын, ел көрсетем, жер көрсетем,”-деді. Жүрекке жақын мұсылман елдерді араладық. Шатырлары аспанмен тілдескен бір елге келгенде, көңіл құлазып, еш қызығы болмай қамықтым. Дүниеауи қызықпен жүрмін, неге Пайғамбарға (с.а.у.) бармадым, жүрген жерін көрмедім? Ізі түскен топырақты мейірленіп сүймедім?- деп Құбылаға қарап тұрып қамықтым.

    Елге қайтар күнде болып, ұшаққа отырдық. Түн қараңғысында ұйықтап кеткен екенмін. Түсімде әне-міне келіп қалатын Пайғамбарды (с.а.у.) асыға күтіп жүр екенмін. Ояна кетсем, елдің бәрі ұйқыда. Менің жүрегім - қуанышқа, көзім - жасқа толып тұрды...

    Елге келгеннен кейін, көп ұзамай 2013-жылы Алла Тағала парыз қажылықты нәсіп етті. Бар мұсылманның арманы - киелі мекен, қасиетті мекен, құт қонған мекен, нұрға шомған мекен, айтсаң тіл жетпейтін мекен Мекке менен Мәдинада болу бақытын сезіндірген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер. Алхамдуллиллах.

 (Анамның күнделігінен)

 

FatimaFatima
9 лет назад 3612
0 комментариев
О блоге
0
1219 0 12 0 7